Көл бойындағы ой – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Көл бойындағы ой» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Түн құшағы сақтағанмен сырды ұзын,
Көргіміз кеп асығамыз күн жүзін.
Салқындықты өлердейін жек көрген,
Қарлы таудың кешіріңдер бір қызын.

Күндеріме куə болған кешегі,
Үнсіздігім,салқындығым есебі.
Сүйе тұра сездіруді ар көрген,
Қабағымның салқындығы жетеді.

Басқа суық еріп алмай қал менен,
Мейірім ғой тіршілікке сəн берген.
Қысқа күнде қырық рет құбылып,
Ұнау үшін көлеңкем сан өзгерген.

Қабақ қырау, құлағымда ай сырға,
Куə болмас ай мендегі қай сырға?
Ағаштардың арасына көп барам,
Жапырақтың жасын сүртіп қайтуға…

Тамшы теріп,көл бойында бой жетіп,
Таң бозынан құс біткенді сөйлетіп,
Жүрсем дағы шомылмадым көлге мен,
Адамдарды түсінбеймін кейде түк.

Құтылмайсың,
Жан ұшырта қаш мұңнан,
Ем іздерсің дертке дауа асқынған.
Көлді аяймын, тітіркеніп денесі,
Жағалауға өзін өзі лақтырған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көл бойындағы ой өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Көл бойындағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көл бойындағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көл бойындағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері