Ақжайықтың бетінде ай екеуміз… – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Ақжайықтың бетінде ай екеуміз…» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 563
Қайық шөлдеп қарбытып толқын жұтты,
Ақжайықтың бетінде ай екеуміз.
Оттан қашып хош көрген салқындықты,
Бірімізге біріміз сай екенбіз.

Қалқып жүрген көз салып суретіне,
Айдың созған сүт қолын қайтармаймын.
Қайық жазған жазуды су бетіне,
Оқып шықтым ішімнен.
Айта алмаймын!

Тамшылардың көзінде сұрақ қалған,
Ағыспенен жарысқан , қиял қандай.
Жағалауда самсыған шырақтардан,
Жапырақтарың жанары ұялғагдай…

Исін сездім балдырдың өзін көрмей,
“Хош келдің!”деп тұрғандай су астынан.
Қандай ғажап мынау шақ Жайық мені,
Теңізбенен айменен ұластырған.

Толқын келіп шаймаса құм да жүдеу,
Қалатындай үзіліп арман əні.
Қайта-қайта сүңгиді суға біреу:
“Ақжайыққа көп болды бармағалы!”

Ағып кетсем Каспиге апарады,
Толқын сенің ырқыңа қалай көнсем?!
Қайтайықшы ай үйге,
Бұдан әрі,
Бас айналар төменге қарай берсең!!

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз… өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері