Жылап тұрсың дейсің бе? – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жылап тұрсың дейсің бе?» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 599
Жылап тұрсың дейсің бе бала сынды,
Жылағам жоқ,көңілім аласұрды.
Сағынғаным болмаса туған жерді,
Сағынғаным болмаса анашымды.

Жасайды ылғи ішім мен сыртым егес,
Қай жүйкені мынау күй сілкілемес.
Қарашық та домалақ доп секілді,
Іркіп қалу жасыңды мүмкін емес.

Туған жердің суына қармақ түсер,
Ақ шабақтар қармақты қармап түсер.
Бұлт ішінен бұлқынған ай секілді,
Ғазиз жүрек орнынан аунап түсер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылап тұрсың дейсің бе? өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жылап тұрсың дейсің бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылап тұрсың дейсің бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылап тұрсың дейсің бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері