Жалғыз түйір жапырақ – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жалғыз түйір жапырақ» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Сені күткен секунттарым жатты өліп,
Әрбір сәтті отырушы ек қақ бөліп.
Жапырақтай діріл қаққан жанымды,
Қалғысам ғой алақанға сап беріп!

Қабылдар ем мұңның өзін ән күй деп,
Үнсіз қалсам өзімді-өзім сәл билеп.
Сен отырсаң шаруаң болмай менімен,
Жалғыз түйір жапырақты әлдилеп.

Менің жаным-жалғыз түйір жапырақ,
Жайқалатын сәуле түссе шашырап.
Шаршасаң да мұңайсаң да күлсең де,
Жүрсең болды жапырақты қасыңа ап.

Мен жайқалам.
Болсаң болды өзің тал,
Мейірім төк, тым нәзік қой көзің сал.
Төзем десе боранға да төзгенмен,
Домбыраның ішегіндей сезімтал.

Сезімім де, сенімім де, күшім де,
Сиып кеткен жапырақтай мүсінге.
Ал жүрегім алақанға тоқтамай,
Ұйықтап жатыр көкірегіңнің ішінде!

Жылы алақан…
Қандай ізгі жан едің.
Қолыңда тұр менің ғажап әлемім.
Жазық жолдан өп-өтірік сүрініп,
Салғым елер жас баланың әлегін.

Саған қарай күннен күнге құлшынып,
Ғажап болып көрінсе ғой тіршілік.
Бәйек бола қалғаныңды көрсем ғой,
Сылтау тауып өп-өтірік қырсығып.

Қатар шығып көрмесек те көк белге,
Жеткізер деп хат байладым кептерге.
Сезіне алмас меннен өзге еш пенде,
Тілек еттім:
Бұл шақтарды көп көрме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз түйір жапырақ өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз түйір жапырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз түйір жапырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз түйір жапырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері