Жабық жүрек – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жабық жүрек» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Жүрегімнің қақпасы жабылғаны,
Шығар бәлкім өкпенің қабынғаны.
Қатып қалған бір тамшы жастай болып,
Ауыртады кеудемді тастай болып.

Осы шығар сезімнің суынғаны,
Жүрек тұсым мұздай боп жылынбады.
Кім бар дейсің бұл күйді қалап алған,
Осы шығар оңбастай жараланған.

Қасына да жамандық ойламайтын,
Тарс жабылды жүрегім қоймадай шын.
Ақыл дейтін айтқанмен досы кеңес,
Күнде ашылар дүкеннің есігі емес.

Баяғыдай өрекпіп басылмайсың,
Ала таудың қар жатқан басындайсың.
Міз бақпайсың төкседе таң шуағын,
Ызғарыңнан ығыстым қалтырадым.

Нәзік едің гүлден де шықтан мөлдір,
Тілдесіп ең құспен де ұшқан зеңгір.
Сезімдерге сені артық бағалаған,
Такаппар ең бұрылып қарамаған.

Дамылдауға ертерек асықпағын,
Сені күткен білсең ғой бақыт барын.
Сағынышты қамықпа тауыса алмай,
Ауасымен Алтайдың қауыша алмай.

Ақ өзені шаттықтың ағылса екен,
Тәтті күймен сол қақпа қағылса екен.
Сарайыңнан ақ сезім алып ұшып,
Мейірімге тойса екен қанып ішіп.

Мұның бәрі әзірше арман ғана,
Жүрек жабық!
Ештеңе армандама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жабық жүрек өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жабық жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жабық жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жабық жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері