Қазан университеті

Бұл бетте «Қазан университеті» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2349
Толқығалы Волга жатыр,
Күн күркіреп, от төгілсе,
Әлі талай жолдар жатыр
Володя Ульяновқа —
Ленинге жеткенінше.
Сібірді орап, Байкал асып,
Жатыр жолдар тайталасып,
Келеді жас бала жігіт
Дауылдар мен толқындарға
Омырауын айқара ашып.
Ойлайды ол дос ағасын,
Өткен күннің жатта бәрі,
Университет сатысы емес
Революция босағасын
Келеді ол аттағалы.
Тұрса-дағы білімі асып,
Тең достардың ол бәрімен.
Тарих күндей нұрын шашып,
Көтермекші биікке оны
Ғасырлардың қолдарымен.
Өмір өзен тарауларын,
Күндіз-түні жатпай оқып
Келер күннің шұғыласымен
Жазады ол жан арманын
Жерді жазу тақтайы етіп.
Әр үйлердің бөлмесіне,
Жағу үшін өмір шамын,
Өткізеді кірпік ілмей,
Құйып алып зердесіне
Қызыл тудай Еділ таңын.
Ол отырған парта бос тұр,
Жетімсіреп мұңын шағып,
Көрінбейді ол бүгін нағып?
Маркспенен қатарлас тұр
Ленин болып Ульянов!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазан университеті өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қазан университеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазан университеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазан университеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері