Мысықтың түсі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мысықтың түсі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1197
(аударма)

Неткен ғажап ұйқы еді!
Түк қаперсіз жатыр, міне, керіліп,
(бұл заманда бұлай ұйқтау - серілік)
қан тілеген тырнағы да тыныстап,
көз жұмулы
бар тірлікке карайтұғын жыны ұстап,
әншейінде сонадайдан үрей берер кісіге
қорқынышты емес, тіпті, жолақ-жолақ түсі де,
көре калсаң тайсалатын шегініп.
Сол мысықша мен де бір
ұйқтар ма едім алаңдамай басқаға,
таңдамай-ақ - көгалға да, тасқа да.
Жорықтарда тойғызып ап қарынды
(адам, сен де осылардан ал үлгі),
сосын алсам осылайша дамылды.
Түсімде де жаудай тиіп тышқанға
(байғұстарда қарсыласар күш бар ма!)
Салсам деймін дабылды.
Жатты мысық түс көріп:
сезіп тұрмын, бүлкіл қағып бар дене,
селт еткізіп әлдене,
жартастарға секірердей дірілдеп,
жемтігіне бас салуға басқалардан бұрын кеп,
түсінде бұл -
қарт атасы жолбарыс боп ақырып
жанар тауға жалғыз өзі жатыр екен атылып!
Сезіп тұрмын, айбаттанып алшаңдайды
шынында
жолбарыс боп кеткендей-ақ мақұлық.
Ұйқта, ұйқта, мысығым,
сенен асқан бақытты жоқ, байқағам,
әлсіздерді тырнағымен жайпаған.
Ұйқыдағы маңғаз мына денеңмен,
көңіліңмен асып-тасқан кемерден,
тіпті сұрғылт құйрығыңмен жыландай,
қан тілеген жүрегіңмен тұмардай –
ерлік жайлы ұмытқан бар адамның
кеудесіне жалын берші қайтадан!

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысықтың түсі өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мысықтың түсі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мысықтың түсі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысықтың түсі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері