Мұқит асқан ағаға – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мұқит асқан ағаға» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Күн сап қарап шылауыштың астынан,
Әжелерім бір құдайға тапсырған.
Жылай-жылай бұл пәнимен қоштасқан,
Емдей алмай сағынышын асқынған.

Іздеріңнен шықты ма аға гүл өсіп,
Тарпаң тағдыр тап келсе де күресіп.
Бізді тастап көшпен бірге кеткенсіз,
Батар күнге ілесіп…

Абыздарым айтқаннан соң аңыз ғып,
Жүруші едім жүздесуді парыз ғып.
Біздің жұрттан қара ормандай ел ауған,
Сіз бе едіңіз соңғы қалған тамыздық?!

Кеткен аға батар күнмен таласып,
Көшкен жұртың болды қазір қалашық.
Талнттыға тағзым етіп бөтен жер,
Тұрақтандың мұқиттардан ары асып.

Сонан бері талай көктем ауысқан,
Кім бар дейсің сағынышын тауысқан?
Абыздарым кеткенімен арманда,
Бақыт екен Ата жұртта қауышқан.

Сізді көріп ойға кеттік, толқыдық,
Толар енді көңілдегі олқылық.
Ұшып барып Өр Алтайдың ауасын,
Әкелсем бе уысыма толтырып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқит асқан ағаға өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мұқит асқан ағаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқит асқан ағаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқит асқан ағаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері