Кейде өмірді шекерден де тәтті еттің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Кейде өмірді шекерден де тәтті еттің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Кейде өмірді шекерден де тәтті еттің,
Кейде мұңды жастандырдың, жас төктім.
Кейде ойдың шүңетіне батырып,
Кейде аппақ бұлт үстіне ап кеттің.

Кінә сынды түймедей сыр жасырсам,
Саған айттым қуансам да, аһ ұрсам.
Сөз патшасы қадіріңе жете алмай,
Кешіре гөр оңды-солды сапырсам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері