Жар дегенің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жар дегенің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Жар дегенің жарты деген сөз екен,
Құралдың ба бүтінделдің онымен.
Ғұмырыңның жартысы да сол екен,
Қалған күнді бірге өткіз жөнімен.

Жар дегенің түзу жүрсең кең жазық,
Қиыс бассаң құлататын құлама.
Кімдер екен қойған солай ор қазып,
Жардан сұра басқа ешкімнен сұрама.

Жар дегенің жарылқайтын кісі екен,
Қас-қабағы аңдулы аттан түспейтін.
Жар дегенің жарғанаттай құс екен,
Түн баласы шаруалары бітпейтін.

Жар дегенің жарқыраған күн екен,
Мейірленсе нұрландырар жүзіңді.
Жар дегенің жаратқанның құлы екен,
Жұптастырған жалғау үшін ізіңді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жар дегенің өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жар дегенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жар дегенің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жар дегенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері