Ақ жауын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Ақ жауын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 698
(Секен Тұрысбекке)

Құтқарушы періште кеп аспаннан,
Тазалыққа талпындыру басталған.
Қасиетпен жұлдыздарды суарған,
Жуып жатыр жердің үстін ластанған.

Бәрі мүлгіп, тазалықты бағалап,
Қашты лайсаң арықтарды сағалап.
Жудым мен де көңілімді кірлеген,
Шатырымды ұрған кезде сабалап.

Кірлегенін шын сезініп тұрса алап,
Тазарар ед, табар еді кім тағат.
Есіргендер билеп жатыр клубта,
Есігі мен терезесін тұмшалап.

Кірлегенін сезбейтінге қайранмын,
Тазарып ап оңашада ойландым.
Күй тілімен жуып кеткен біздерді,
Секен аға қолыңыздан айналдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ жауын өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ақ жауын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ жауын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ жауын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері