Жаһұт сөзің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жаһұт сөзің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1687
Жаһұт сөзің жан сарайын толтырып,
Көрген жандар қызықтайтын көркіңе.
Мен де ақымақ өзімше бір жол сызып,
Жүрегінің бағынбайтын еркіне.

Ертеменен елегізіп оянам,
Тәтті ұйқымның қалған дәмін таң ішіп.
Ауыздықтап жүрегімді алысқан,
Қалады ылғый екі қолым қарысып.

Тағы сені елемеген болдым мен,
Өкінішке толтырып ап кеудемді.
Басқа жаққа мені әкетті жол бірден,
Жаһұт сөзің бірте-бірте өзгерді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаһұт сөзің өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жаһұт сөзің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаһұт сөзің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаһұт сөзің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері