Боранда – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Боранда» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Қатты соққан долы боран жүргізбей,
Тұр шаттықтың қақпасынан кіргізбей.
Қарсы қарап жүріп келем сонда да,
Қасіретімді еш пендеге білгізбей.

Боран алып қашпақ болды шашымды,
Қайда әкетті көзден аққан жасымды.
Саған арнап теріп алған гүлдерім,
Бей-берекет уысымнан шашылды.

Долы боран бар ашуын төгеді,
Бұрылмадым.ықтасындар көп еді.
Боран тынар күн шығады сонан соң,
Мені нәзік нұрыменен өбеді.

Боран тынар . сенесің бе осыған?
Жан емеспін бұрұасыннан шошыған.
Күннің алтын сәулесімен жылынып,
Арманымның арайына қосылам.

Қатты соққан долы боран жүргізбей,
Тұр шаттықтың қақпасынан кіргізбей.
Қарсы қарап жүріп келем сонда да,
Қасіретімді еш пендеге білгізбей!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Боранда өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Боранда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Боранда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Боранда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері