Өзің деп – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Өзің деп» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Өзің деп бір әуенді бастап алдым,
Өзің деп жанарымды жасқа малдым.
Өзің деп жыр өрнегін тоқып жүріп,
Арманы боп кетіппін басқалардың.

Бұл шақтың таңы –күйбең,кеші-мұңлы,
Тағы іщтен қайталадым есіміңді.
Қақпадан өзің батып кірмеуші едің,
Қағып тұр біреу келіп есігімді.

Өзің деп жанарымнан шық тамады,
Сол шыққа бөгде біреу сұқтанады.
Атылған жанарлардан жебелерді,
Елесің қалқан ьолып құтқарады.

Таза арман жаралған соң таза мұңнан,
Азапты артық көрдік базарыңнан.
Көрмеген түсімде де біреу келіп,
Жылады шаршадым деп азабыңнан!

Өзің деп бір әуенді бастап алдым,
Өзің деп жанарымды жасқа малдым.
Өзің деп жыр өрнегін тоқып жүріп,
Кетіппін арманы боп басқалардың!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзің деп өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Өзің деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзің деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзің деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар