Долданып жататын ағып

Бұл бетте «Долданып жататын ағып» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 554
Долданып жататын ағып,
Теңіз һәм құлазыған жаға.
Қолына шақпақ тас алып,
Ең алғаш от жаққан ана.

Сонан соң күркіреп аспан,
Жасыннан жаңғырған аңғар.
Көз жасын көгілдір тасқа,
Ойып бір жазатын жандар.

Жерұйық туралы ұғым –
Мәңгілік ғұмырға сапар.
Көру де тым қиын мұны,
Сызылып таң қазір атар.

Қобыздың зарлы үнін ішкен…
Қазулы бұл кімнің көрі?
…Шұбалған шытырман түстер,
Сен қайда апарасың мені?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Долданып жататын ағып өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Долданып жататын ағып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Долданып жататын ағып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Долданып жататын ағып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері