Өлең, жыр, ақындар

Түсіме ылғи енеді

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 735
От пен судың келемін арасында,
Ағажан, айтқаныма нанасың ба?
Көзімді ілсем болғаны Кеңсайдағы,
Жүремін аруақтар қаласында.
Сол жаққа біреу мені шақырғандай,
Мен көрмеген онда бір асыл бардай.
Жоқ нәрсені дәнігіп дәметемін,
Әлдекімнен алатын ақым бардай.
Жалғанның у-шу болған көшіне ермей,
Осы жандар деймін мен несіне өлген?
Жетімдері айтты деп жер бетінің,
Жетім күйді боздатам жетігеннен.
Көз жасымды ағызып орамалға,
Мұңымды айта бастаймын мен оларға.
Жетім қалған тілімді жеткізе алмай,
Жырымды оқып жылаймын молаларға.
Тілімді айтам жазықсыз жараланған,
Дінімді айтам қапыда қараң қалған.
Жалықтым,- деп саңырау, сараңдардан,
Жабықтым,- деп жалғанда жамандардан.
Тежей алмай өзімді ырыққа шын,
(Бұлай өмір сүргенің құрып қалсын!)
«Сұп-суық қайғыңды...» айт деп жалынамын,
Құшақтап ап Мұқаңның құлпытасын.
Осылай мен оларды оятамын,
Сипайды кеп біреудің алақаны.
Алақаны екен ол қай апаның,
Рухы шақырып жүр қай атаның?!
...Аралаймын атқанша ару ақ таң,
Түн маған қош айтады түнеріп тек.
Түсіме ылғи енеді аруақтар,
Ал, өңімде көргенім тірі өліктер...

2003 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушы

  • 0
  • 0

Бір сапарға шыққанмын, барар жерім белгісіз,
Қайдан шықтым?
Оны да айта алмаймын. (Сенгісіз).
Маңдайыма жазылған сұрқы бөтен сұрақтар,

Толық

Сапар - І

  • 0
  • 0

Арманыммен жүрсем де Ай мініп мен,
Тағдырымнан тамаша таңды күткем.
Шыққым келіп тұрады бір сапарға,
Сайланып ап сақадай сайгүлікпен.

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 1

Сезім нұры жауғанда себелектеп,
Ермен мұңға мас болған ебелектеп.
Қызыл гүлдің жабысып қауызына,
Қонса жалғыз қоңырқай көбелек кеп...

Толық

Қарап көріңіз