Сайыс бар ма? – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сайыс бар ма?» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1348
Сайыс бар ма?
Сәйгүлігін баптайды,
Қалай қайрат бір жұлқыспай тоқтайды.
Жиырма бестер дамылдауды білмейді,
Жиырма бестер түнде де ұйықтап жатпайды.
Жүрек деген алып-ұшып соғады,
Толқындардай ұрған жартас, жағаны.
Жиырма бестер шырқау биік шыңды асып,
Жиырма бестер жұлдыз болып ағады.
Жиырма бесте табар адам мұратын,
/Осы шақ қой үй-тұрмыста құратын/.
Жиырма бестер біле білсек өмірге,
Көрік беріп,
Желік беріп тұратын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайыс бар ма? өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Сайыс бар ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сайыс бар ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сайыс бар ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері