Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай! –
Талай жауды қайтарған жайсаңым-ай!
Селт етпес ең шықса да жерден Мәді,
Аспаныңнан қалса да Айса құлай!
Қоныс берген мың заман қозғалмастай
Шарам қанша сертінен тайса құдай?

Шарам қанша сертінен тайса құдай?!
Адам қолы шақырып зілзаланы,
Жапқан жоқ па құдайға жыл жаланы?..
Қалай жиі табынған дей алармын
Дүлей күшке дүниенің бұл ғаламы?! –
Бар пәлені өз басым сенен керем,
Жарылыстың айтулы «Үлгі алаңы»!..

Жер бетінен мекен-жай сүртілгендей,
Нәлет қамыт мойынға жұрт ілгендей.
Қай заманның қақы бар, бейкүнәның
Берекесін бетінен бір тілгендей?..
Бола қалды жүрегім – жетім қозы
Жат желіннен дәметіп түртінгендей.

Шүкірана, істеді ел елдігін, –
Ел қуаты ежелгі ерендігін.
Көз жасынан ар-намыс атқа қонды,
Сол дүбірдің соңынан ерем бүгін.
Бірақ, менің көңілімді білгің келсе,
Жасын түскен жаралы еменді ұғын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай! өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері