Жасқанып жүрмін баруға

Бұл бетте «Жасқанып жүрмін баруға» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 976
(Мұса Асайыновқа)

Естілді хабар
Қайғыға терең салуға,
Отырмын даяр
От болып лаулап жануға.
Жалғызтауда жоқ дейді жалғыз бауырым,
Ауыл жаққа жасқанып жүрмін баруға.
Ақиық еді
Қаймықпай кірер дауылға,
Құлагер еді
Жаралған оза шабуға.
Айыртауда жоқ дейді ақын бауырым,
Ауыл жаққа бата алмай жүрмін баруға.
Үзбеуші ем үміт
Сенгендей қолда қаруға,
Барушы ем аңсап
Ән­күйден сабақ алуға.
Сексен көлде жоқ дейді жалғыз бауырым,
Ауыл жаққа сескеніп жүрмін баруға.
Жүйрік қой тағдыр
Аяқтан оқыс шалуға,
Күтпеген жерде
Жақсыны таңдап алуға.
Көкшетауда жоқ дейді кербез бауырым,
Ауыл жаққа қиналып жүрмін баруға.

1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасқанып жүрмін баруға өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Жасқанып жүрмін баруға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасқанып жүрмін баруға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасқанып жүрмін баруға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері