Ұлу

Бұл бетте «Ұлу» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1172
Еме, еме өскен ем Бөрі Анамның емшегін,
Көкірегіме құйып ап жанарымның мөлтеңін,–
Қияндарға жорттым сан сапар шегіп, жол шегіп,
Болсадағы тұманды бүгінімнен ертеңім.
Теңіздің де көрсетпес қара тұман айдынын,
Қалғиды анау қара тау... қап – қара тау қайғылы.
Жанарымды шарпыса жалқындаған Ай нұры,
Жебелердің ізінен жосып ағып зар – мұңым
Атылады жай құсап.
Мұңға толы даусымда жатыр менің жан құсам.
От шайнаған азудан арлан тісім ақсиып,
Қасіретімді ұғарсың Айға қарап қарғысам.
Көп-көгілдір көз жасым көкірегіме түнеген,
Оны кейде аспанға шашып-шашып жіберем!
Аңғарлардың ішінде арқыратып қуамын,
Қысырақтың үйірін құйрық-жалын күзеген.
Сосын ұзақ отырам құба дөңнің үстінде,
Сәл мызғысам болғаны түсіме ылғи қыс кірген.
Көкжиектің нұрына кере қарап төсімді,
Аққан жұлдыз алауын арпалысып іштім мен...
Тұрсадағы бір сәтке Ай толықсып... Күн бүрлеп,
Өзегімді өртейді мың сағыныш, мың бір леп.
Мынау ғазиз ғаламның әйнегінен мұң күлген,
Қасіретімді қайтсем тауысармын түнге үрлеп!
...Жатады ұ-за-ақ бұл дауыс күн астында күңгірлеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлу өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Ұлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері