Қайың жасы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қайың жасы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Түпсіз аспан қабағымен тұнжырап,
Бұтақтары бір түзеліп, бір құлап,
Жылмен келер жоқтап әнші бұлбұлын,
Жел өтінде жалғыз қайың тұр жылап.
Сезінеді куә болып бәрін күн,
Әлемдегі сыры бар ғой әр үннің.
Жапырақтары үзіледі жерге ағып,
Көз жасына ұқсап мұңды арудың.
Сабағында айтылмаған сыр бардай,
Назар салмай өтіп жатыр жылдар жай.
Тағдырына риза болмай өзінің,
Жел өтінде сырнай тартып тұрғандай.
Әрбір күн мен шығарып сап әр айды,
Жарық сәуле қайың шашын тарайды.
Жылап тұрып: «Жапырағым ба менің», – деп,
Түнгі жарық жұлдыздарға қарайды.
Түсіргендей жапырағын жел қағып,
Жеткізе алмай жалғыздығын елге анық,
Ару қайың білмейді аспан – қайыңның
Жұлдызының құларын да жерге ағып.
Адам басын жасап ойнар тағдыр доп,
Тағдыр өмір сабағында қалғыр көп.
Білмей ме екен қайың аспан көз жасы
Жауатынын жерге жұлдыз жаңбыр боп?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайың жасы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қайың жасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайың жасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайың жасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері