Жігеріме жанып сезім шақпағын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жігеріме жанып сезім шақпағын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 640
Жігеріме жанып сезім шақпағын,
Өмірімнің қарсы алып кеш ақ таңын,
Ауыспалы жүрмін бастан өткізіп
Қырық бестің ақпаны мен аптабын...
Тигендей-ақ тағдырдың бір оғы ұшып
Өзімменен өзім жүрмін соғысып.
Көкірегіме қысым жасап жатқандай
Африка мен Антарктида тоғысып...
Мен көктемде бәйшешек боп туыппын,
Сол себептен жылылыққа жуықпын.
Жүрісінен жүрек тоқтай жаздайды,
Ортасында ыстық пенен суықтың.
Өзімменен өзім жүрмін тартысып,
Қырық бестің биігіне қар түсіп.
Ақыл-ойдың ақпаны тұр жетпеген,
Арманымның, аптабымен шарпысып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігеріме жанып сезім шақпағын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жігеріме жанып сезім шақпағын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігеріме жанып сезім шақпағын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігеріме жанып сезім шақпағын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері