О, тәңірім! Сен қандай үстем едің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «О, тәңірім! Сен қандай үстем едің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 675
О, тәңірім! Сен қандай үстем едің,
Өз алдыңда әлсізбін, кішкенемін.
Уысқа алып барлығын қысып тұрған
Қыс па екен осынау қыс дегенің?..
Сен көрінсең, бойдан күш, ерік кетер,
Көріксізді өз көзің көрікті етер.
Маған қарап сәл ғана күлімдесең,
Көңілімнің мұз-қары еріп кетер...
Сезіміңе жетер ме назды өлеңім,
(Бір түнінде қаңтардың жазған едім).
Қыс па екен сен барда қыс дегенің,
Жаз ба екен сен жоқта жаз дегенің?
Дайындап тұр бұл тағдыр бізге нені,
Еріткендей жастық дем мұз денені.
Із түспеген ақ қардың үстіменен
Қысқы түнде іздеп шық, ізде мені.
Түсінбеймін, сен қандай үстем едің,
Жайлап алды жанымды кішкене мұң.
Бұлт ішіне ай тоңып еніп кетті,
Өзің барда қыс па екен қыс дегенің?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, тәңірім! Сен қандай үстем едің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

О, тәңірім! Сен қандай үстем едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, тәңірім! Сен қандай үстем едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, тәңірім! Сен қандай үстем едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері