Жалғыз қайық – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жалғыз қайық» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 805
Қамшылаған өкпек желдің өтінде
Жағалауға шағала боп жетуге
Жалғыз қайық келе жатыр қалтылдап
Көкшіл шәйі, бұйра толқын бетінде...
Жайма-шуақ аспан көзін сырға орап,
Келе жатыр ескек ескен бір қонақ.
Толқындарын сүйетіндей теңіздің,
Таңғы күннің күміс нұры сырғанап.
Теңіз жатыр торғын толқын ораған,
Шымыр-шымыр тұла бойға тарап ән.
Қалықтаған шағалаға ұқсайды
Қыз қолымен желпіген ақ орамал.
Шағалалар ұшар бауыры жарқылдап,
Шексіз-шетсіз көк теңізді алқымға ап.
Жағалауға жету үшін асығып,
Жалғыз қайық келе жатыр қалтылдап..
Көкірегін сағыныш, мұң жаулаған,
Өзі де бір табиғаттан аумаған.
Келе жатыр ескек ескен жолаушы
Көздерінде аспан-теңіз аунаған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз қайық өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз қайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз қайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз қайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері