Өлең, жыр, ақындар

Біреу келіп өмірден біреу кетіп барады

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1102
Біреу келіп өмірден біреу кетіп барады,
Сусылдайды уақыттың толмай аппақ парағы.
Біреу ашқан қақпаны біреу мәңгі жабады,
Бәрін-бәрін бағады күндердің көз, қабағы...
Толықтырып толқынды тіршіліктің өзенін,
Ауру жүрек табады сөз арқылы өз емін.
Өкініш сап сұлулық қыз алдайды, сеземін,
Ар-намыс пен ақылға беріп соңғы кезегін.
Күлген күлкім жастықтың желігіндей тез өтер,
Өткеннен соң өзгелер әңгіме етер, сөз етер.
Көкжиектен көгілдір көкжиекке бет алып,
Азабына арманның төзе білер өжет ер.
Дүрсілдейді кеудемде менің жүрек сағатым,
Дүниеге жетелеп жаңа соқпақ, жаңа күн.
Шексіз әлем, шексіз ой қозғап ұшып барады,
Сусылдаған сабырсыз уақыттардың қанатын.
Байқайсың ба, бауырым, маған бақыт қонып тұр,
Қонып тұрған бақыттың қасиетін, кел, ұқтыр.
Өмір – ғашық өзгеріп құра берсін салтанат
Сезімдерге тәуелсіз «материя» болып бір...
Өмір сырын толғайтын бола алмаспын кемеңгер,
(Өмір жырын толғайтын иілмейтін емендер).
Біреу келсе, өмірден біреу кетіп барады,
Қуаныш, мұң алмасқан биіктер мен тереңдер.
Күн менен түн ауысып, алмасады кезекпен,
Таразылар тіршілік уақытты тез өткен.
Бір толқынды бір толқын қозғап, алға барады
Өмір-өзен ағады өрттей болып өзектен…
Досым болсаң, бөгелмей бұрып өтем ат басын,
Шыққан күнім мезгілсіз көкжиекке батпасын.
Тіршілікті тербелген таңғы ұйқыдан оятып,
Қағып тұрар ойларым болашақтың қақпасын…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен

  • 0
  • 0

Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен,
Алдағысын үмітке сенім еткен.
Кездейсоқ келген басқа қуаныштан,
Қайғым артық кеудемді еңіреткен...

Толық

Қарызбын саған

  • 0
  • 0

Қарызбын саған, туған ел,
Жұмғанша мәңгі көзімді.
Қарызбын саған,
нұрлы әлем,

Толық

Асқар шың ана сынды шынар үшін

  • 0
  • 0

Асқар шың ана сынды шынар үшін,
Шынарға бұрып ылғи тұрады ішім.
Күшім жоқ кері қарай ағызуға
Өмірдің жал-жоталы ұлы ағысын.

Толық