Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1128
Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым,
Сүю жайлы тек іштей қиялдадым.
Қолды бір-ақ сілтер ем, бірақ, бірақ
Мен басқаның көз жасын қия алмадым.
Шын сүюді аңсаумен жырлап өттім,
Жырлап өттім, көңілге сырлар ектім.
Басқалардың бақыты үшін мәңгі
Өз бақытын басымның құрбан еттім.
Сол үшін де мұңдылау ән сап тұрам,
Әнімменен бір жанды аңсап тұрам.
Ештеңені көре алмай, қарманумен,
Ойларменен қалжырап, шаршап тұрам.
Оң мен солдан тағдырдың есіп желі,
Жанымдағы отымды өшірмеді.
Жылдар бойы жүрсем де бірге өзіңмен,
Сүйе алмадым, бөтенмін, кешір мені!
Көз алдымнан өтеді нелер елес,
Күнім барып қонғандай төбеме кеш.
Қаталдаумын, кейде шын әйел болып,
Алдап күлу қолымнан келер емес.
Қарыздармын, ей, өмір, отың үшін,
Жаутаңдайды өзіңе жетім ішім.
Мені өлтірмей, әйтеуір, келе жатыр
Бақытыма айналған өкінішім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері