Өз алдыңда тез жылаймын, тез күлем

Бұл бетте «Өз алдыңда тез жылаймын, тез күлем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Өз алдыңда тез жылаймын, тез күлем,
Қылығыммен көңіл күйін сездірем.
Айтқандаймын тұңғыш рет тек саған
Тілім келіп «сүйем» деген сөзді мен...
Айттым саған ыстық сөзді тілім кеп,
Әйелге тән төзімді ессіз тілімдеп.
Өзім барып тұңғыш рет тек сені
Аймаладым «айым, жаным, күнім» деп...
Қайта айналып келгендей жыр көктемі,
Қуантуға тек сені мен тек мені.
Тұңғыш рет тұрғандаймын күбірлеп:
«Қылыш қанат сұңқарым, – деп, – көктегі».
Екеумізді тербегендей жыр-әлем,
Тағдырдан тек осы сәтті сұрап ем.
Өмірдегі ыстық сөзді өзіңе
Айтпағандай менен басқа бір әйел...
Бір өзіңсіз бойымда түк дәрмен жоқ,
Келдің басқа қайта айналған дәурен боп.
Ешбір жігіт сенен басқа маған да
Айтпағандай «жұлдызым» деп, «сәулем» деп.
Қиялдағы арман болып қол бұлғап,
Қайта гүлдеп, шақырғандай сол бір бақ.
Таң алдында туған айым, өзіңді
Тұрғандаймын тұңғыш рет мен жырлап.
Өзің жайлы түс көремін түнімен,
Айтшы, сонша есіңді алар кімің ем?
Айттым саған асыл сөздің барлығын
Тұңғыш рет жүрегімнің тілімен.
Түнгі көктен күліп шыққан ай өңдім,
Бақытына туды екенсің қай елдің?
Асыл сөздің айтып бәрін, өзіңді
Алғашқы рет сүйіп тұрған әйелмін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз алдыңда тез жылаймын, тез күлем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өз алдыңда тез жылаймын, тез күлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз алдыңда тез жылаймын, тез күлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз алдыңда тез жылаймын, тез күлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері