Жүректің құрылысының формуласы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 481
«Әуелі пайда болған сөз» деседі,
Жансыздан жандыға сөз тез көшеді.
«Өлең… өлі ең… өлі едің… тірілдің» деп,
Аты да шұқып тұр ғой көзге сені.
Өлеңді жібермесе қуып бойдан,
Болмайды жер бетінде жуықта ойран.
Әлемнің бар тілінде, барлық өлең
О баста сөзбен бірге туып қойған.
Өлеңмен құпиясын ақтаратын,
Ақынның жүрегі де Хаққа жақын.
Тіліне адамдардың көшіреді,
Он сегіз мың ғаламның ақпаратын.
Алмасқан періштелік, пенделігі,
Көктегі құбылыстың жердегі үні.
Өлеңді өміріне өзек еткен,
Қазақтың ұлдарының мен де бірі.
Абыралы, Абай деп елеңдегем,
Киелі екі өлкені тел емген ем.
Кітаптың беттерінде – жер үлесім,
Жылжымайтын мүлкім бар өлең деген.
Махаббат бәрінен де биікте екен,
Сүйемін, өзімді де сүйікті етем.
Тауларға сәлем берсем, тебіренем,
Жусанның маңдайынан иіскесем.
Жүректен шыққан сөзді қор қылмашы,
Ақынның сол сырласы, сол мұңдасы.
Жазғанымның барлығы – жүрегімнің
Құрылысын айқындайтын формуласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүректің құрылысының формуласы өлеңінің авторы кім?

Қайырбек Шағыр — осы өлеңнің авторы.

Жүректің құрылысының формуласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жүректің құрылысының формуласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қайырбек Шағыр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүректің құрылысының формуласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері