Ардақты пайғамбарға (с.ғ.с)

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1419
Әз пайғамбар, жалғыз Хақтан нәр алған,
Кетпейсің Сен жүрек, көңіл, санамнан.
Пайғамбарлар сұлтанысың, иә, Расул,
Мына ғалам Өзің үшін жаралған!

Саған деген мың өлең бар санамда,
Сен дегенде құлпырады далам да.
Жаратқанның елшісі һәм құлы, Сен,
Рақым нұры болып келдің ғаламға.

Алла десем жүрегім де жай табар,
Сен дегенде иман-гүлім жайқалар.
Міндетіңнің ауырлығын сезінген,
Үмбетіңмін кәлиманы қайталар.

Қадырыңды дәл жеткізіп жаза алман,
Айтқаныңдай сабақ алам ажалдан.
Дінім еріп келіп еді өзіңмен,
Мұзым еріп бара жатыр азаннан.

Алла ғана бар дерттердің дауасы,
(Білсе, шіркін, бар адамзат баласы!)
Көз алдымда Алматыдай шахар тұр,
Ал, көңілде – «пайғамбардың қаласы».

Әз пайғамбар, иман еді жиғаның,
Адамзатқа Хақтың дінін сыйладың.
Сені аңсаймын, екі дүние сардары,
Уахи күткен үңгіріндей Хираның.

«Лә иллаһа илла Алла» боп ұраным,
Жүзімді тек Қағба жаққа бұрамын.
Я, расулым, жүрегімде Хақ Алла,
Рухымда – Сен, ал қолымда – Құраным.

Сеніменен түрленгендей бар алап,
Жүрем енді әр ісімді саралап.
Аллаға – құл, ал Өзіңе үмбетпін,
Әз пайғамбар, айтам саған салауат!
«Саллалаху ғалейхи уассалам...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ардақты пайғамбарға (с.ғ.с) өлеңінің авторы кім?

Саят Қамшыгер — осы өлеңнің авторы.

Ардақты пайғамбарға (с.ғ.с) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ардақты пайғамбарға (с.ғ.с) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Саят Қамшыгер өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ардақты пайғамбарға (с.ғ.с) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.