Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Мағауинге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 811
Атым менің «Мен» дейді,
Затым менің «Мен» дейді.
«Соңғы жазған шығармам,
Құй сен, сенбе «Мен» дейді.

Шақырсаңыз келмейді,
Жел сөзіңе ермейді.
Газет пенен журналға,
Сыр-сұхбатын бермейді.

Өсек-аяң термейді,
Дерек іздеп терлейді.
«Қытығына» тисеңіз,
Ханға сәлем бермейді.

«Айтысқандар» жеңбейді,
Жөн сөзіңе көнбейді.
Өзі жазып шықпаса,
Тарихыңа сенбейді.

«Бес ғасырды» толғады
Тіл мен ділді қорғады.
Білейікші қадірін,
Алтынның бар қолдағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар Мағауинге өлеңінің авторы кім?

Ермахан Шайхыұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар Мағауинге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мұхтар Мағауинге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ермахан Шайхыұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар Мағауинге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері