Қар басып қалыпты қаланы – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Қар басып қалыпты қаланы» атты Алма Түсіпбекова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Түн ауған.
Тағы да жалғызбын,
Жанымды торлаған жалқы мұң.
Құлақ сап үніне қар-қыздың,
Мен-дағы қар болып қалқыдым.
Қалқыдым, қар болып қалықтап,
Көкте едім...
Төменге құладым.
Ашуды тұрады алып қап,
Бойымда тулаған бір ағын...
Өзіне нағыз дос тапқандай,
Сезімім ақ қардан тоңбайды, ә?!
Қара жер...
Соры оның батпандай,
Аспанға қайтатын жол қайда?..
Шаттықтың көйлегі тозғасын,
Ұштың ба мәңгіге, бастан бақ?
Қар-қыздың моншақтай көз жасын,
Көрдің бе, аспан жақ?..
Мекенім – баяғы ар-мекен,
Серік қып жүргенім наланы.
... Сілкінер күш онда бар ма екен,
Қар басып қалыпты қаланы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қар басып қалыпты қаланы өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Қар басып қалыпты қаланы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қар басып қалыпты қаланы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қар басып қалыпты қаланы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері