Жауаптымын бәріне

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Музам болсаң айқара ашқын есікті,
Қайғымсың ба?
Әкел маған несіпті.
Селдетемін, ойнатамын жай отын,
Тербетемін мына ғалам-бесікті.

Қайтем енді?
Осындаймын.
Сондаймын,
Үскірік пе?
Жібере бер, тоңбаймын.
Бірақ кейде өзгелердің қайғысын,
Өз қайғымдай көремін де – сорлаймын.

Қарсыласам тағдырымның кәріне,
Күле бергін, қарамаймын әліме.
Бірақ, бірақ...
Мынау ақ зер әлемде,
Жауаптымын бәріне!

Жауаптымын тыныштыққа, мүлгіген,
Жауаптымын – жұлғызбаймын гүлді мен!
Аналарды алақанда аялап,
Сәбилердің шаттығымен бір жүрем.

Өмір сырын барлық адам ұққанша,
Қасіретті қасиет кеп жыққанша,
Бейдауаның беті қайтып, бұққанша,
Жауаптымын – шыбын жаным шыққанша!

... Ұстап көрші, тіршіліктің тамырын,
Не әкелді, сенің айтқан әмірің?
Жауапсыздық...
Сәл қаттырақ айтқанда,
Қазу деп ұқ, келешектің қабірін...

Жауаптымын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауаптымын бәріне өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жауаптымын бәріне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жауаптымын бәріне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауаптымын бәріне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері