Ай-әткеншек тағдырым – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ай-әткеншек тағдырым» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Бәрі өзгерді,
Мен де, мынау көктем де.
Анау жатқан бүлдіргенді бөктер де.
Ай-сырласым, айтшы маған:
Осы мен,
Жалтақтаймын не себепті өткенге?
Өткен күнді еске алмақ боп кейде мен,
Қиялымда сапар шегем күймемен.
Бала шақтың бейнесі боп күнәсіз,
Сол әткеншек түсіреді күйге ерен.
Ай-сырласым, саған шаққам мұңымды,
Айғақсың ғой бала шаққа тұлымды.
Мақпал түнде терезеге телміріп,
Өзгеге емес, өзіңе айтам мұңымды.
Сол күндердің сәулесі бар санамда,
Балғын шақтың құс жолы бар ғаламда.
Сағыныштың маздатқанмен сан отын,
Сол дәуреннің баспалдағын табам ба?
...Өмір өтті.
Қазір, міне, өзгердім,
Өзіме-өзім қанша мәрте сөз бердім.
...Әткеншек-ай, саған үнсіз телмірген,
Әткеншекті бір аруға кез болдым...
Кез болдым да, тұншығып мен жыладым,
Санамды кеп соққылады сұрағым.
Көкке барсам тербетер ең сен мені,
Жерде болып қалғанын-ай тұрағым?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай-әткеншек тағдырым өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ай-әткеншек тағдырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай-әткеншек тағдырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай-әткеншек тағдырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері