Бұл бетте «Қадамың құтты болсын, Кеңес аға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қадамың құтты болсын, Кеңес аға,
Ренжу ешкім саған емес аға.
Тең тұрып таразыдай тәрбие еттің,
"Ауыштың", - дұшпаның да демес аға.
Осынша еліңе еткен еңбегіңді,
Үкімет есіне алар, жемес аға!
Қаранды көрсе, күліп, қуанады,
Жүдеу мен жетім-жесір, бала-шаға.
Көркейіп күннен-күнге, есін жиып,
Енді олар шығуға тұр тамашаға.
Қасқырдан қорықпайтын болды қойшы,
Шыққанмен қой-қозысы оңашаға.
Халқың тұр қалайда да тілегіңде,
"Тұяғы тимегей, - деп, - томашаға".
1918.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі