Ғашық екенмін – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ғашық екенмін» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 917
Сағынып сені жүрмін мен,
Ой мені мұңға жегеді.
Жарасын жанның білдім мен,
Себебі мынау, себебі -
Ғашық екенмін!..
Түсімде көрем мен сені,
Өзіңе ғана бас ұрам.
Сенімен арман – еңселі.
...Сырымның несін жасырам-
Ғашық екенмін!..
Тербелген самал желменен,
Сырымды ұқшы, тал-қайың.
Жай таба алмай сенделгем.
... Себебін саған айтайын-
Ғашық екенмін!..
Мұңлықтың күнін кештім мен,
Айрылып бұл күн төзімнен.
Емеурін күтпей ешкімнен,
Жайымды ұқшы көзімнен-
Ғашық екенмін!..
Аққулар жүзген жайменен,
Айдынды сүйгем жасымнан.
Жайымды демен, сайлы ерен,
Сырымды сенен жасырман-
Ғашық екенмін!..
Құдірет бардай бір сенде,
Асылым!
Таудай еңселі.
Жанымда менің жүрсең де,
Сағына берем мен сені.
Себебі – Ғашық екенмін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық екенмін өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ғашық екенмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық екенмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық екенмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар