Сенің күлкің – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Сенің күлкің» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1761
Иығымнан жүк түсірген жүз батпан,
Көз жасымды құрғатқан.
Сәлем алып келген маған нұр-бақтан –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Арманыма ақ қанатын қақтырған,
Тылсым сырлы бір сезімге тап қылған,
Үмітімнің шырағданын жақтырған –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Қабағыма тұрған сәтте мұң қатып,
Тұңғиыққа баратқанда шым батып,
Табындырған, бір сәт қана тыңдатып –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Ойға батып, үнсіз жүрген кезімде,
Жан бітірген мына сырлы сезімге,
Мені үйреткен қиындыққа төзуге –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
О, махаббат!
Бізге ғажап сый неткен?!
Қаталдықтың қақпасын кеп күйреткен,
Сор артында бақ тұрарын үйреткен –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Сен бар кезде гүлге оранар жер демде,
Сен болмасаң күй кешемін шерменде,
Күліп келші, жаным, маған келгенде!..
СЕНІҢ КҮЛКІҢ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің күлкің өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сенің күлкің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің күлкің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің күлкің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері