Өшіп қалды Астананың шамдары – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Өшіп қалды Астананың шамдары» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Осы ма еді тірліктегі «сый» маған,
Тағдырым-ай!
Айылын еш жимаған.
Жақындасың – созсам қолым жететін,
Бірақ...
Саған қолым жетпей қиналам.
Күнін кешіп жүрсем-дағы арлының,
Неге, құдай, мен бақытқа жарлымын?
Өзгелерге өмір беріп өзгеше,
Махаббаттың маған арттың бар мұңын.
Шамырқансам – кешір мені, шартарап,
Жүрмін әлі мұңның жүгін арқалап.
Саған, жаным, жеткен кезде
Тосын күш
Жігерімді жібереді жаңқалап.
Өзегіме өртін құйған өмірім,
Табаныма тосып тұрған шөгірін.
Жанарымнан жас тамады, еріксіз,
Қан жылайды көңілім.
Жылындырған жанымды әр кез жыр-демі,
Бақыт!
Менен салдың ба аулақ іргені?
Жалғыз ғана сүйгеніме әлемде,
Өкінішті – қолым жетпей жүргені.
Ғашықтарға ғаламат боп жеткен сыз,
Білем, білем.
Мендік ғұмыр – көктемсіз.
Көз жасыммен хат жазайын, тыңдашы,
- Жүре алмаймын тек сенсіз.
Айналайын, арманымның аңғары,
Қатал ма, әлі, махаббаттың заңдары?
... Бөлісіп ем, көтере алмай қайғымды,
Өшіп қалды бұл қаланың шамдары?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өшіп қалды Астананың шамдары өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Өшіп қалды Астананың шамдары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өшіп қалды Астананың шамдары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өшіп қалды Астананың шамдары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері