Бұл бетте «Батыр бабам» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ерлік туралы өлең берілген.
(Ибрагим Шияпұлы Акдраштегіне)
Туған елде ұмтыларма,
Ер Қосайдың өр істері.
Ұрпақтардан ұрпақтарға,
Нәр береді жеңістері.
Ерлігінен қалған мұра,
Азаттық бақ таң атында.
Жетелеген армандарға,
Өр киесі нар халқымда.
Сан ғасырлар өтсе дағы,
Белгі соғып көшкен жерге.
Рух берген отты жаны,
Жүр ғой дәйім бізбен бірге.
Шырақ жағып туған қырға,
Сыйға тартып өмір дәнді.
Ол ерліктің шыңдарына,
Ұран салып шақырады.
Жаса, жаса батыр бабам,
Қанындасың ұрпағыңның.
Құшағыңда байтақ далам,
Төріндесің Отанымның!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі