Балқаймақ – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Балқаймақ» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1016
Бір-біріне қыдырса сапар болған,
Дастарқанын кең жайып татар мол дәм.
Арғы беті белестің, бергі беті –
«Егін көлде» екі ауыл қатар қонған.
Кейде жаяу барамыз күтпей көлік,
Көңіліміз ұйыған сүттей болып.
Жон үстінде жосылып жол жатады,
Екі ауылды жалғаған жіптей болып.
Өлең айтсаң нөсердей төкпелетіп,
Төбелері қалатын көкке жетіп.
Жеңгем бар-ды ай салып, апта салып
Келмей қалсам алатын өкпелетіп.
Бірде жеңгем көрпеше сайлап төрден,
Жылы сөйлеп жаныма жайлап келген.
«Ауылымыздың ағының алдын іш», – деп,
Меймілдетіп бір кесе қаймақ берген.
Жеңешемнің салтанат сәніндей боп,
Саз естілді аққудың әніндей боп.
Тәп-тәтті боп сол сәтте тұрды дүние,
Жаңағы ішкен қаймақтың дәміндей боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балқаймақ өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Балқаймақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балқаймақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балқаймақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері