Сөзім менің – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Сөзім менің» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Сары алтындай сақталған сөзім менің,
Тағдырыңды жиі ойлап көз ілмедім.
Сөз – бала ғой,
Баладан анасының
Қай уақытта көріп ең безінгенін?!
Сөз – бала ғой,
Баланы баптамасаң,
От пен судан – апаттан сақтамасаң.
Ол да жөнге жүреді – жуасиды,
Түзу жолға бейімдеп, қақпаласаң.
Өлең жазып жүргем жоқ осы бекер,
Өлең сөзсіз көңілдің хошы кетер.
Көңілімде күркіреп дауыл тұрса,
Сөзім менің – найзағай осып өтер.
Өлең жазсам боламын қолбасыдай,
Бір батырлық секілді жолдас ұдай.
Сөзім – сақа,
Сақаның алшысына
Ойларымды құямын қорғасындай.
Жыр жарықтық ұқсайды жыл құсына,
Жырсыз көңіл тарқамас бұлты, сірә...
Сөзім – соқа,
Саламын сол соқаны
Қабат-қабат ойлардың қыртысына!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөзім менің өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Сөзім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөзім менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөзім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері