Қасаңсып кеткен кезімде

Бұл бетте «Қасаңсып кеткен кезімде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 2
  • 31309
Қасаңсып кеткен кезімде
қайрақ тастардай қашалған,
кездесіп, сендік сезімге,
көзіме балқып жас алғам!
Жас алғам - жаным жасарған,
көктемгі жердей қан жібіп.
Көрініп тұрды тасаңнан
сәулесі шалқар нәрлі үміт.
Қаңтарып тарпаң ғұмырды,
шаршадым ба әлде безуден,
өзімнің осалдығымды
қайта бір сонда сезінгем.
Жүйкемді тарап, жіктедім,
көңілімнен, сірә, шықпай ел
Өзінің әлсіздіктерін
сезінуімен мықты әйел
Өмірі жұмбақ, сөзі үлгі
айналғам мылқау мүсінге,
табындым саған
өзімді
сезіндіргенің үшін де!
Қашықтап кеткен Күн нұрын
қайтадан құйып жанарға...
Байқасам, Жердің тірлігін
қайталайды екен адам да!

1983


Пікірлер (2)

Аяна

Фариза Оңғарсынова

Дариға

Фариза Оңғарсынованың Қасаңсып кеткен кезімде өлеңі ұнады ♡

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасаңсып кеткен кезімде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қасаңсып кеткен кезімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасаңсып кеткен кезімде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасаңсып кеткен кезімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері