Ақыл айтып не етейін, ақылым аз – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Ақыл айтып не етейін, ақылым аз» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Ақыл айтып не етейін, ақылым аз,
Қыз «бақытты», бұл күнде батыры «мәз».
Күздің соңы айналып қыс болғандай,
Қыс артынан келеді ақыры жаз.
Сорлы нәпсім, салыпсың сайтан әнін,
Өмір өтіп кеткенін байқамадым.
Қызық біткен қыр асып, ғайып бопты,
Мен жүргенде мекендеп сай табанын.
Ақыл айту – жұмыстың ең жеңілі,
Көп сөздінің көрінер кенделігі.
Өзгертуге өзімді шамам келмей,
Басы қатқан байқұстың мен де бірі.
Әзәзілден өзімді қорғай жүріп,
«Сорқұдыққа» кетсем де қонбай, біліп,
Досым саған көрсетер жолым қайсы,
Өз ақылым өзіме қонбай жүріп?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыл айтып не етейін, ақылым аз өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақыл айтып не етейін, ақылым аз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақыл айтып не етейін, ақылым аз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақыл айтып не етейін, ақылым аз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері