Сен сүйгенді мен сүйсем айып па екен?!
Бұл бетте «Сен сүйгенді мен сүйсем айып па екен?!» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.01.2024
- 0
- 0
- 1394
Сен сүйгенді мен сүйсем айып па екен?!
Айтқан серттен қалайша тайып кетем.
Аягөзде туылып Баян сұлу,
Туар жері Жібектің – Жайық па екен?!
Әр жердің бар Жібегі, Ақбаяны,
Сүйіспеген жандардан бақ таяды.
Жоқ та емес Қодар мен Бекежандар,
Қылықтары әлі де жат баяғы.
Қозы Көрпеш емеспін, Төлеген де,
Олардан кем емеспін елегенге.
Жібектерге, Бекежан, Баяндарға,
Қодар болып бірақ та төне көрме!
Мен сүйгенді сен сүю айып емес,
Айыбы сол – күшпенен бөле көрме.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі