Жайылып жастық болып көрінгенге – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жайылып жастық болып көрінгенге» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жайылып жастық болып көрінгенге,
Жалғасып жең ұшынан бөлінгенге.
Жасаған жақсылықтың қайтпай бірі,
Ұялдым өзге түгіл өзімнен де.
Қу кетті өз ұпайын толықтырып,
Мен қалдым көңіл көгін торықтырып.
Десем де бұдан былай сақтанармын,
Сап кеткен жүрмін қуды жолықтырып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері