Әттең, қалқам

Бұл бетте «Әттең, қалқам» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Әттең, қалқам...
Ізгі арманым, ақ құсым,
Кештеу келген басымдағы бақпысың?!
Сен көгалда көктеп өскен бүлдіршін,
Әлі ешкімге бүрің жарған жоқпысың?!
Бәлкім, сен бір маған бауыр етпісің,
Кейде өзіңе кінәлісің, кектісің.
Жетпей қалсам жетем деген жеріме,
От боп жансам – қызғанғаны деп түсін.
Қыздың жолы жіңішке ғой таспадай,
Өкінбеші өмір жолын бастамай.
Сыпайы боп сызылатын мен – ағаң,
Нем бар менің қызығатын басқадай?!
Жылға болып жүгіре алмай, қаша алмай,
Шыңға қонып тыным алмай, аса алмай.
Сенсің бе әлде баптап қойған тоты құс,
Албырт көңіл аптығыңды баса алмай?!
Ән айтылар... талай шарап ішілер,
Үлкен озып, ержетеді кішілер.
Тыпа-тыныш жүргеніңде топшыңнан
Бір қаршыға қағып сені түсірер.
Алға қарай жетелейді сені үміт,
Қыраныңмен – қызық өмір, мен ұмыт.
Сен екеуің ақ айдыннан ұшқан соң,
Кетесіңдер көз ұшына көміліп.
Қосарланып ұшқан кезде аспандап,
Көшер бұлттар алай-түлей ақ шаңдақ.
Құп-құттай боп жерден сонда қол бұлғап,
Мен тұрармын жанарымнан жас парлап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әттең, қалқам өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Әттең, қалқам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әттең, қалқам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әттең, қалқам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері