Басқадан менің мұңым басымырақ

Бұл бетте «Басқадан менің мұңым басымырақ» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Басқадан менің мұңым басымырақ,
Басқадан менің жырым асылырақ.
Естіртіп өз үйімді кетсем деймін
Халқымның ойдан-қырдан басын құрап.
Басқадан менің жүгім ауырырақ,
Көңілдің шыңы шөгіп, тауы құлап.
Бәрін де жөндестірем деп жүргенде
Тірліктің таусылмады-ау дауы бірақ...
Жиям деп жүрсем бәрін Жыр отауға,
Тартады бірі – тасқа, бірі – тауға.
Халқымның мұз боп қатқан шер-шеменін
Жарасам жалғыз сөзбен жылытуға.
Кезінде бүкіл адам басын қосқан,
Сөзімді ашық айтсам жасырмастан.
Солардың сырын жазған, мұңын жазған
Артымда қалса, шіркін, асыл дастан.
Дастархан дәм татырып адал астан,
Көріссе құшақтасып – амандасқан.
Бар әлем сиып кетсе біздің үйге
Бақыт бар демес едім одан асқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басқадан менің мұңым басымырақ өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Басқадан менің мұңым басымырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басқадан менің мұңым басымырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басқадан менің мұңым басымырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері