Ұялаған кеудемнің түбіне мұң

Бұл бетте «Ұялаған кеудемнің түбіне мұң» атты Серік Тұрғынбеков жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Ұялаған кеудемнің түбіне мұң,
Қорықпаймын келсе де бүгін өлім.
Шүберекке түйіп ап қу жанымды,
Шындық үшін шырқырап жүгіремін.
Күнкөрістің көлеңке қалқасында,
Білгенімді айта алмай бұғып едім.
Көргенсіздің көгенсіз қылығына
Көз жасымды көрсетпей сығып едім.
Шынысында шарабы шайқалғанда,
Атылмаған бұрқ етіп тығын едім.
Айта алмаған ашынып сөзім болса,
Аш күзендей бүрісіп бүгілемін...
Сабасына піспегі сай келмеген,
Күмпілдейді құр босқа күбі көңілім.
Әдібіне кестесін келтірем деп,
Әділдікке басымды тігіп едім.
Әлдекімнің кесірі тиіп кетіп,
Жазбаса екен достықтың жұбын елім...
Айтып-айтпай не керек?..
Ақырында –
Ақиқаттың алдында жүгінемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұялаған кеудемнің түбіне мұң өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ұялаған кеудемнің түбіне мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұялаған кеудемнің түбіне мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұялаған кеудемнің түбіне мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері