Өлең, жыр, ақындар

Түйемойнақ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 952
Түйемойнақ...
Тұрған жерің биік қыр,
Күн нұрына дала төсі иіп тұр,
Бергі бетің –
Бетегелі көк жусан,
Арғы бетің –
Ақ Тосынға иіп тұр.
Көктемеде жайнап кетер жер өңі,
Майда мақпал, пүліші мен берені.
Арнасында Торғай ағып жатады,
Тұңғиыққа тартып кетер тереңі.
«Көшек» қырдың кетпейді көк мұнары,
«Ақши» – таққан алқасы мен тұмары.
Маң даланың маңдайында жалғыз тау,
Құм жұтқан ба?
Қайда кеткен сыңары?!
Өстім сенің жемісіңді теріп бір,
Өте шығам кейде үстіңнен желіп бір.
Түйемойнақ,
Үлкенсің ғой, үлкенсің,
Екі ортаңды бір қарасу бөліп тұр.
«Ақжалпағым» – ағын судың қақ сәні,
«Алакөлім» – дала белім бақшалы.
«Түйемойнақ» қол созым жер...
Алыста
Жарқырайды Ақшығанақ ақ шамы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйемойнақ өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Түйемойнақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түйемойнақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түйемойнақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері