Терісаққан – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Терісаққан» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 806
Қақ төрінен Арқаның қоныс алып.
Қақты қанат толқының – толы шабыт.
Өзен біткен оңына ойысқанда,
Жалғыз өзің жатасың теріс ағып.
Құтылмай-ақ қойдың-ау бұл атақтан,
Аққан сайын ағынның қуаты артқан.
Барлық өзен бір бағыт,
Ал, сен болсаң,
Қыңыр кісі секілді бұра тартқан.
Кеуде керген Арқаның даласында,
Даңқы бөлек дауылпаз, дарасың ба?!
Өрге тартып барасың өр мінезбен,
Есіл – Торғай екі өзен арасында.
Алып жатсың арнаңмен күш даладан,
Иірімің,
Иінің нұсқа маған.
Осы қалпың ұнайды,
Осы салтың –
Басқаларға бағыты ұқсамаған.
Өрге қарай ылдидан өріс алып.
Тыңдағанға тасқыны, селі – шабыт.
Он өзенді оң аққан
Ойыма алмай,
Сен түсесің есіме теріс ағып.
Өзің қожа, өзің би, еркіндейсің,
Басқа өзенді маңыңа келтірмейсің.
Оң басталып, созылған солға қарай,
Арабтардың әдемі әрпіндейсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Терісаққан өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Терісаққан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Терісаққан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Терісаққан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар