Алло – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Алло» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1487
Жаным-ау, жаны нұрдан, тәні гүлден,
Өзіңсіз қалмады өмір мәні мүлдем.
Сағынып, арпалысып сары мұңмен,
Қоңырау соғып тұрған тағы бұл мен!

Ұялың жатқан болар жаны шыға,
Көтермей қоясың-ау тағы, сірә?
Мен-дағы қасарысып қоймадым ғой,
Соншалық жерік пе едім дауысыңа?!

Жанымды малындырған жасқа менің,
Жүрегі ұялыңның тас па дедім.
Сеземін кеп тұрғанын сөйлескіңнің,
Әйтпесе, қайтарып та тастар едің.

Сөндіріп тастар едің немесе оны,
Соғамын.
Бұл қоңырау деме соңы!
Сөйлескің келмесе егер, таста өшіріп,
Білмейсің, неге соны?

Жаным-ау, жаны нұрдан, тәні гүлден,
Қоңырау соғып тұрған әлі бұл мен!
Өтінем, о байланыс, сен де қосып,
Жіберші, тілдесейін аруыммен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алло өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Алло өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алло өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алло өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері